Құрметті Ғылыми кітапхана ресурстарын пайдаланушылар!!!

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ КОНТЕНТІ БАР ОНЛАЙН КУРСТАР ПОРТАЛЫНА https://mbook.kz/ru/book/personal_book_list/ тестілік қолжетімділік ұсынылады. Портал кәсіби синхронды сурдоаудармасы бар 15 онлайн бейне-дәріс курстарымен, курсты даралау жүйесімен жабдықталған. Порталдың маңызды бөліктерінің бірі – білімді автоматтандырылған бақылау, оқытушы мен студенттің интерактиві. Онлайн курстар порталы өзінің интерактивті мультимедиялық элементтер кешенін ұсынады: мәтіндік материал, интерактивті анимациялар кешені, синхронды сурдоаудармасы бар бейне дәрістер курсы, тестілеу және бақылау бөлімдері жүйесі, тапсырмалар.