Ғылыми кітапханадағы Қазақстан ғылым күні

2023 жылдың 12 сәуірінде Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында «Ғылыми кітапханадағы Қазақстан ғылым күні» атты іс-шара өтті. Іс – шараға кітапхана пайдаланушылары – докторанттар мен экономика факультетінің студенттері қатысты. Олар Ғылыми кітапхананың тарихымен, қызметтерімен және ресурстарымен, оның университеттің ғылыми-зерттеу қызметіндегі рөлімен танысты. Командалар «Эрудит» зияткерлік ойыны, интерактивті викторина барысында қазақстандық және әлемдік ғылым туралы кең ой-өрісі мен жан-жақты білімдерін көрсетті, тапсырмаларды орындау барысында команда капитандары Web of Science және Scopus ғылымиметриялық платформаларымен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Ақпараттық технологиялар факультетінің докторанты Жания Серікбайқызы Тасболатова кітапханаға пайдаланушыларды ғылыми-зерттеу қызметінде жан-жақты қолдағаны үшін алғысын білдірді, Филология факультетінің Шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Гүлжахан Зарубайқызы Тәжитова кітапхананың оқуға және оқытуға арналған жазылым жинағының мазмұнының сапасын атап өтті. Іс-шараға қатысушылар мен белсенді көрермендерді Қазақстандағы «Oxford University Press» баспасын ұсынатын «InterPress Distribution» ЖШС іс-шарасының демеушісі атынан естелік сыйлықтармен марапаттады.