«Znanium.com» ЭБЖ толық қорына тестілік қолжетімділік

Құрметті пайдаланушылар! 2024 жылдың 23 мамырына дейін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ЭБЖ «Znanium.com» барлық қорына тестілік қолжетімділік берілді. Дерекқорда 80 000-нан астам оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, журналдар бар. Ғылым, Питер, БХВ баспасы, Нижегородская экономика және менеджмент институты және т.б. жетекші серіктестер баспаларының коллекциялары ұсынылды. Сіздердің назарларыңызға мерзімді басылымдардың кең таңдауы: ғылыми журналдардың 295 атауы (олардың 172-сі ЖАК-қа кіреді). 

Ресурсқа өтіп, Ғылыми кітапхананың толық қолжетімді дерекқоры бөліміндегі бетінде толығырақ танысуға болады. Тіркелген пайдаланушылар өз аккаунттары арқылы дерекқорға қол жеткізе алады, жаңа пайдаланушылар тіркеуден өтіп, ЭБЖ «Znanium.com» толық қорына қол жеткізе алады.